file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  153


Автор: Кәкімбек Салықов

СӨКПЕЙ ӨТЕМ ДОСЫМДЫ

Тарта-тарта шылымды
Құмарымды қандырдым.
Алсын ол да тынымды,
Бурабайда қалдырдым.
Тарттым Кремль төрінде,
Көк будаққа мұң артып.
Тарттым Ұлытау өрінде,
Жезкиікке құмартып.
Өзінде бір дәру бар,
Алға басар ісің де.
Қалды талай арулар
Көк түтіннің ішінде.
Қылмың қақса қыз-шабыт,
Шектім шылым ащысын.
Таттым қымбат пұл тауып,
Сигареттің тапшысын.
Біреу, мүмкін, сөгер де
Тастадың деп кешірек.
Білмеген жан сенер ме,
Қоштасып ем бес рет.
Тарттым ойлы ақ таңда,
Келсе мұңға салар күн.
Біреу шылым тартқанда,
Бәрін де еске алармын.
Өмір – кейде тың нәсіп,
Ащыны да татқызды.
Үйір болған сырласып,
Тәттіні де тапқызды.
Соғыс жылдар... тым ерте
Темекі оқыс қосылды.
Жан баураған мұң шерте
Сөкпей өтем досымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу