file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  277


Автор: Кәкімбек Салықов

КӨКШЕТАУДА ҚҰЛАГЕР ЕСКЕРТКІШІ

Құс қанат желден жүйрік ғұмырына
Орнады Көкшетауда ұлы мұра.
Құлагер Күнге қарап кісінеп тұр,
Орнығып мәңгіліктің тұғырына.
Озуға жаратылса құлшынысы,
Бәйгеге сай жараулы тың тынысы:
Ұнап тұр ойнақ салып, жалын серпіп,
Арқырап кең аспанға ұмтылысы.
Серт емес қан майданда оқ дарыған,
Кер дала көрді азап сотқарынан.
Жануар дара озып келе жатып
Сатқынның жығылыпты шоқпарынан.
Естуші ем ерендікке сай құланың
Ақанды құлын күнде таң қылғанын.
Серінің ес кіргелі айтып өстім
Құлагер мерт болғанда қайғылы әнін.
Тұлпарға сал Сырымбет тұмар делік,
Бұйырды бізге жастай құмар ерлік.
Бетпақта жезкиікті көре алмас ем
Қанымды қоздырмаса құлагерлік.
Үңілді ескерткішке қарағай да,
Түн келсе күлімдейді қарап Ай да.
Жүйрікке жүйткіп өткен кім қызықпас,
Тәлкегін күйкі тірлік санамай да?!
Сай келер дүлдүл озық өсиетке,
Өнеге осы емес пе жас түлекке:
Өлімі Құлагердің елді оятты,
Айналды қасіреті де қасиетке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу