Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
138
Аққусың жел сындырған қауырсынын...
Аққусың жел сындырған қауырсынын,
Беу, қалқа!
Тағдыр артқан ауыр сырың.
Кездесіп,
Шер тарқатты қайран жүрек,
Назынан рахат алып дауысыңның.
Көп күткен алыс жолдан оралғандай,
Қара көз жаутаң қақты қол алғандай.
Мен тұрдым бір қуанып,
Бір мұңайып,
Көп жылғы өкінішім жоғалғандай.
Қоштасу азап болса өмір берген,
Кездесу жұмақ екен көзім көрген.
Таттым ғой көп сағыныш жұбанышын,
Сүйкімді мезет туып көңілденген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter