file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  141


Автор: Кәкімбек Салықов

БІРЖАН САЛДЫҢ ЖАНБОТАҒА АЙТҚАНЫ

Жанбота, мені шенеп майырмайсың,
Тоқымды шаптан тартқан айылдайсың.
Хан-төре үмбетінен айырғанмен,
Туған ел құрметінен айырмайсың.
Жанбота! Қырындамай бермен қара,
Деп жүр ғой жаңылған ел сені дана.
Күнде алдап бар қауымның есін алдың,
Шошытқан жоқсың жалғыз мені ғана.
Атыңның қызыққам жоқ озғанына,
Жан-жағың кетіп жатыр өз қамына.
Теңіздей терең тартып толғанамын
Күйініп туған елдің тозғанына.
Шындықты шыры таза құптар халық,
Нәсілін сен қинадың ұқпай қалып.
Күрсінем, өзге ағайын оза тартып,
Жүдеген жалғыз үйдей жұртта қалып.
Үйірде тепкі көрген тайымдайсың,
Жөн білмей, құрғақ сөзді жай ырғайсың.
Сен мені бүгін төрден айырғанмен,
Туған ел жүрегінен айырмайсың.
Біздің ел заманында ірі ел еді,
Қылығың оңбастай қып дүреледі.
Білмеймін, аласапыран дүние-дүрмек
Қай күні, қайда барып тіреледі?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу