file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  226


Автор: Кәкімбек Салықов

Көңілдің асыл тірегі...

Көңілдің
асыл тірегі,
Аңғарған
ынтық назарың.
Шыдайды
құштар жүрегім,
Болса да
ауыр азабың.
Бұл жалғанның
байлығы –
Бір сенің
нұрлы келбетің.
Болмастай
жаным қайғылы,
Жайнатып тұр
жер бетін.
Тірліктің
бізге берері –
Қара көз
нәркес сұлулар.
Сол болар
арбап жеңгені:
Бір сүйгізіп,
мың улар.
Кейде ерке келер,
кейде паң,
Мінездің
жоқ қой кемісі.
Өзіңсің
сыйлар жер-жаһан
Махаббат
құтты жемісі.
Құпия сырды
айтамын:
Қалқам-ау,
саған өкпем жоқ.
Құштарлық
отын байқадым,
Алшақтап
үнсіз кеткем жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу