Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
134
ОРНЫМНАН АТЫП ТҰРЫППЫН
Тәжік қызы, мен сені
Көріп ем бұрын Қырымда.
Ол күндер қайда өлшемі,
Келмейді бүгін ырымға.
Армандасам көрем деп,
Арналған саған өлең көп.
Есімнен кейде шықпаушы ең,
Адасқан құстай елеңдеп.
Душанбеге мен келдім
Алтын күз, абзал шағымен.
Көмекке бізге сен келдің
Арнайы қызмет бабымен.
Жарқ еттің көптен сескенбей,
Тәртібін бұзып ғұрыптың.
Мен сонда есім кеткендей,
Орнымнан атып тұрыппын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter