file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  135


Автор: Кәкімбек Салықов

ГҮЛ ҚОЙДЫМ

Памирді көріп орындалды тосқаным,
Қарлы құздар сияқтанды от-жалын.
Шыңдардан да шындықты биік ұстаған
Рудакиге тағзым еттім, достарым.
Шақырған жоқ Панжруд ұл-қыздары
Не Памирдің көк тіреген құздары.
Шапқылаған тау өзені айтқандай,
Сілтеу салды Рудаки өткен із бары.
Асу бермес кешіп көр тау арасын,
Іздеп келдім адамзаттың данасын.
Оның жыры – ақиқаттың жалауы,
Оқыған жан ойға салар санасын.
Парсы жыры көтерілсе шашбауы,
Рудаки ғой рубаилардың бастауы.
Ақындықтың аталды «Адам Атасы»,
Оның жыры – зұлымдықтың хас жауы.
Дана өлді деген ойды шын жойдым,
Тәубе деймін, бастауындай бұл тойдың.
Тағзым етіп, барша қазақ атынан
Рудакидің зиратына гүл қойдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу