file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  119


Автор: Кәкімбек Салықов

Білмегенге әйгілі аты ұнаған...

Білмегенге әйгілі аты ұнаған,
Жігіт көрдім рухы шашыраған.
Шын арысты Кремльде жамандапты,
Айтуымен иесінің асыраған.
Аят оқып қайтуға кешірім сұрап,
Зиратына апар деп өтініш құрап
Ол сұраса, мен қатты шошып кеттім,
Жазықсыздың білгенде есімін сұрап.
Іштен құртып жегідей сол арманы,
Ол ұзаққа бармады, оңалмады.
Өңі қашқан, зәре жоқ, қалтыраған
Көз алдымнан пішіні жоғалмады.
Күнәсін сезіп сорақы сөз тасыған,
Тірі тозақ кешті ғой ол басынан.
Кешіре гөр, Жаратқан,
Қиналғанын
Мен түсіндім мөлт еткен көз жасынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу