file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  171


Автор: Кәкімбек Салықов

ЕЛГЕ ОРАЛҒЫМ КЕЛГЕНДЕ

(Дәптерде қалған бір өлең)
Көп жүрдім-ау Мәскеуде,
Тым көп жүрдім...
Ел төрі ғой, үсті емес қылкөпірдің.
Партияның солдаты секілді едім,
Келмеді ғой қатты айтып зіл келтіргім.
Ірі ағама елдегі айтып едім:
– Бермей-ақ қой қызметтің алғы шебін,
Кенші болып өтсем де
Елге оралам,
Биік төрде жүруге қанды шерім... –
Сонда айтты ол:
– Қызметтің жаңаруы
Оңай емес, тегінде, бар ауыры;
Жезқазғанның Найманы деп жүруші ем,
Екенсің ғой Арғынның Қарауылы... –
Шенқор емен биікке өрмелеген,
Жұлқынбап ем ешқашан төрге де мен.
Сонда туды өлеңім елге аян
«Бір қазақты үш жүзге бөлме» деген.
Атап едім «Атамның ақылы» деп,
Ән тарады қазақтың нақылы боп.
Өлеңіме шамданған ағатайым
Жолатпады ел жаққа ақыры кеп.
Артық сөйлеп бұл сырды ақтармадым,
Сынауға да «адамды» ат салмадым.
Ол кісінің бөгеті себеп болды,
Қарақалпақ еліне аттанғанмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу