file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  254


Автор: Кәкімбек Салықов

Асау жүрек тулайды сені көрсе...

Асау жүрек тулайды сені көрсе,
Жүрер едік жұптасып жөні келсе.
Алшақ кеттік, тағдырдың бұйрығына
Қайран жүрек көнбейді көңіл көнсе.
Аппақ жүзің көзіме елестейді,
Сәтті елес ем болар кеңес дейді.
Ұмытар ем өзіңді, көркіңді де,
Ешбір әнші бір саған теңеспейді.
Айта алмадым сырымды жас шағымда,
Қағып кетті бір пысық қас қағымда.
Қай қияға кетсең де, бір мен үшін
Жұлдыз болып қалдың сен аспанымда.
Іздеп келсең ауылыма тойлы күні,
Сағынышты әніңнің жойды үні.
Бір көрудің өзі де бақыт екен,
Махаббаттың құшаққа толды гүлі.
Болдың тойлы қонақтар көш басында,
Ел тамсанды, асқақ ән тоқтасын ба?!
Суық хабар отырмын естіп бүгін,
Келіпсің ғой бір көріп қоштасуға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу