file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  167


Автор: Кәкімбек Салықов

АЛАҚАЙЛАП ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, ТУҒАН ЖЕР!

Ай менен Күн төгілткендей нұрдан сел,
Үздік табыс құтты болсын, туған жер!
Алты миллион тонна астық алғанда,
Шыққан екен талай жылғы буған тер.
Барша қазақ қуанады бұған, ел,
Салтанатқа маңдайыңды бұра бер.
Елестейді алты Алаштың тойында
Бәйге өрінде дара келген Құлагер.
Сегіз сері ақ батасын бергендей,
Сәбит, Ғабит алақайлап ергендей.
Мағжан ағам аунап түсер ұйқыдан,
Батыр Баян сүйінші сұрап келгендей.
Құттықтайды Солтүстікті Астана,
Қолпаштайды аймақтарым басқа да.
Орала берсін үйірімен үш тоғыз,
Көп жеңіске болсын құтты бастама.
Құттықтайды Көкшетау мен Қостанай,
Қанаттастар шыдамайды қостамай.
Елбасын да бөледіңдер шаттыққа,
Сенім артса аузынан бір тастамай.
Ыстық шілде шырай бұзып қанша күн,
Қинаса да басты серттен тартпадың.
Құдай беріп, сүмбіледе шөл қанып,
Озық шығып, ел сенімін ақтадың.
Алтын өлке, жеңіс болып жолдасың,
Құт-береке ел сүйсінген орнасын!
Сайыстарда тап осылай жеңе бер,
Абылай ханның аруағы қолдасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу