file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  157


Автор: Кәкімбек Салықов

Өтер де кетер сұм жалған...

Өтер де кетер сұм жалған,
Басыңда мәңгі тұрмайды.
Көз жасы ішке бір тамған
Тұла бойды улайды.
Етпеймін ешбір жалыныш,
Тәлкекке салып өткенді.
Тарамыс біздің жанымыз,
Қым-қуыт өмір өткерді.
Аңсатып әр таң арайын,
Тұлданып аштың буған зар.
Біз боламыз, ағайын,
Отыз екінші жылы туғандар.
Азабын шеккен азаптың,
Анамның есте зарлы үні.
Екі миллион өлген қазақтың
Біз боламыз қалдығы.
Мың сөніп, мың жанып ем,
Жалын боп өрге жетермін.
Көз жасына қанып ем,
Жыламай үнсіз өтермін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу