file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  186


Автор: Кәкімбек Салықов

БОШАЙ КІТАПБАЕВТЫҢ АЙТҚАНЫ

Ән көтеріп тұрғандай-ақ бұл ғалам,
Әншілерге жақын жүрем бір табан.
Сұлу саздың керектігін байқадым
Басқарма боп жүрген кезде тыңдаған.
Ән «Жезкиік» аруағын асырды,
Әуелетті, бүкіл қазақ бас ұрды.
Қан майданда қалған аяқ жұрнағы
Сырқыратқан өз күйігім басылды.
Талай тыңдап арасында жастардың,
Елтіп, балқып, сау күнімде мастандым.
Той-думанда қайта-қайта айтқызып,
Кейде өзім дирижер боп басқардым.
Біздің ауыл сән құраса шалқып тым,
Тірі жанды ән сүюге тартыппын.
Адам түгіл, «Жезкиікті» тыңдатып,
Сиырлардың сай-сүйегін балқыттым.
Ән әуені өңмеңімнен өтетін,
Мал да болса емшегі иіп кететін.
Өзіме де мінез бітті фермаға
Сиыр сауған кезден қалмай жететін.
Сауыншылар тапты қырғын жеңісті,
Ән қосылған балғын сүтті ел ішті.
Біздің табыс құпиясын естіген
Өлке, өңір тәжірибе бөлісті.
Қырық керуен кербез әннің бір қыры,
Сылқым серуен қырда киік бүлкілі.
Жер сұлуы қос жанары жарқылын
Аңсап тұрар жан-жануар құлқыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу