file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  155


Автор: Кәкімбек Салықов

КӨШЕДЕГІ КӨРІНІС

Қара айғырдай басы қасқа, ақ табан,
«Джиптер» барлық көшелерде қаптаған.
«Бұлар – біздің ұлттық көлік» дейді екен
Інілерім қонақтарға мақтаған.
О, Иншалла!
Көп көлікке жарыдық,
Темір тұлпар әрі жайлы, әрі нық.
Қалталылар, шенділер өңкей бақталас,
Бәсекеге түсіп әбден байыдық.
Рекламалар – алақ-жолақ елестер,
Жыпыр-жыпыр жарнамасын тез ескер.
Кей жерлерде жабайы сөз жазады-ау
Қытығыңа тиіп кетер өрескел.
Фотосалон «KODAK» болып кетіпті,
«AMSTEL» сыра «ұятсыз» болып бекіпті.
Ойлайықшы, намыс қайда, ағайын,
Осындайды тыятын сәт жетіпті.
Көше көркін көтерсек көп есеге,
Халық саны әлі онша емес десе де,
Көңіл көншір қуаныш бар әйтеуір:
Екіқабат әйелдер көп көшеде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу