Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
130
СЕН ЕДІҢ ҒОЙ...
Ауыл жаққа құстай ұшып асығам,
Көрсем деймін ақ қайыңдар қасынан.
Сен едің ғой ақ дидарың аңсатып,
Екі көзге көктен жұлдыз тасыған.
Ажарыңнан бір көргенде талдырған,
Нәр алушы ем жасап іштей жан құрбан.
Сен едің ғой құштар етіп құлшынтып,
Ең алғашқы ғашық отын жандырған.
Шақырады артта қалған гүл көктем,
Әсем кештер, айлы таңдар бірге өткен.
Сен едің ғой тал түбінде сайраған,
Таң мезгілде мен естіген бұлбұлым.
Есім шықса жасағанда қыз үгіт,
Қара көзің талмауратты сызылып.
Сен едің ғой, әлі де бір өзіңсің
Қызықтырып, жүрген маған қызығып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter