file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  150


Автор: Кәкімбек Салықов

АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ТІЛ

Әннің тілі – адамзатқа ортақ тіл,
Жүрек шетін сұлу әуен қозғап тұр.
Жаннат өмір, тірі жұмақ орнайды,
Ғашық әуен кетсе назын толғап бір.
Күй дүбірі барша өнердің туындай,
Шабысын-ай өрге тартқан суынбай.
Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін тарт,
Шер қозғаған шұрқыраған құлындай.
Төкпелетші Құрманғазы «Серперін»,
Еске түссін жұлдыз қуған ерке күн.
Нұрғисаның толқыт «Ата толғауын»,
Билеп кетсін кербез ағын, көркем үн.
Сұлу сазға адам жанын теліген,
Қазағымның мың сарынды жері кең.
Тыңдай қалшы, күй күбірлеп жатады
Ақ жаңбыр мен қарлы боран, желінен.
Теңіздер де, мұхиттар да сабылып,
Күй қозғайды ертелі-кеш ағылып.
Толқындары асығады адамдай,
Жағалауда бір көргенін сағынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу