file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  153


Автор: Кәкімбек Салықов

ЕЛ ШЕТІНДЕ АҚ ҚАЙЫҢ

Ел шетінде ақ қайың,
Көзге ыстық асыл арайлым.
Кездескен біздер сәт сайын
Ізетпен саған қараймын.
Тұрасың таныс адамдай,
Жасыл бешпент жамылып.
Жол тосып жүрген анамдай,
Келер деп мені сағынып.
Ізімді басқан санайтын,
Көрші қыз балғын шағынан.
Қасыңнан маған қарайтын
Ажарын аппақ сағынам.
Жасыл жапырақ сыбдыры
Сол қыздың ғашық сөзіндей.
Сығалап түскен күн нұры
Жарқ еткен мөлдір көзіндей.
Бұрылған саған ескі жол
Кіреді жиі түсіме.
Ақ бұтағың берді қол
Кездескен үлкен-кішіге.
Аппақ тәнің мамыр ма,
Бір сипау дертті емдеген.
Киелі күш бар тамырда,
Жалғаған сені жерменен.
Көп толқытқан ойымда,
Сырымды шертіп тамсанам:
Құштарлық бар бойыңда
Біз аңсап, бізді аңсаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу