file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  171


Автор: Кәкімбек Салықов

БИБІГҮЛ ӘН САЛҒАНДА

Сыңғырлап бұлақ аққандай,
Кербез ән толқып сырғыды.
Жүрекке шырақ жаққандай,
Сайрады қазақ бұлбұлы.
Қиялға бастап қайдағы,
Әкетті алыс арманға.
Ажары гүлдей жайнады,
Дыбыстан маржан тамғанда.
Қалады бейқам кім бүгін,
Қалауын әннен таба алмай?
Жарқырап тұрды Бибігүл
Махаббат жаққан алаудай.
Құштарлық оты бастаған,
Беу-беулеп әуен самғады.
Шарықтап, шалқып асқақ ән,
Жер менен көкті жалғады.
Үздігіп шықты үн-шырын,
Үкідей нәзік желкілдеп.
Үдетті ғашық жан сырын,
Үмітшіл толқын екпіндеп.
Сұлу саз еркін желпіді,
«Гауһартас» қалды құлақта.
Өзгенің бәрі елтіді,
Өзім де кеттім жұмаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу