file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  216


Автор: Кәкімбек Салықов

ЕРКЕҒАЛИДЫҢ МОНОЛОГЫ

Жер құтты біздер жаралған,
Тел өстім дала желімен.
Аққуға қарап таранған
Ән тердім Балқаш көлінен.
Тайпала басып қаптаған
Толқында күйшіл дарын бар.
Жарқ етсе суда ақ сазан,
Жігері сөнбес сарын бар.
Сайраса сайда тотықұс,
Оралар көзге ақ маңдай.
Домбыра шертем асығыс,
Махаббат тілін тапқандай.
Үйрендім үнсіз тосуды,
Өкініш бар ма, наз бар ма?
Сол кезде сәулем қосылды
Сағыныш толы саздарға.
Қоңыр қаз өтсе қаңқылдап,
Балқытты жүрек тескені.
Жаныма болды балқұндақ
Балқаштың балғын кештері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу