file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  171


Автор: Кәкімбек Салықов

ШЕКСІЗДІК

Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.
Шексіз жылдар ішінде біздер ұшқынбыз,
Жарысы шексіз
Ескі мен озық жаңаның.
Сұм қара жер,
Шексіздік сенің еккенің,
Адамды жұтып,
Еш тойымдық етпедің.
Қайғысы шексіз
Көзімен көрген ананың
Жалғыз ұлға аяусыз ажал жеткенін.
Шексіздік шебі,
Шалғайда елді аңсауда,
Түсінгендіктен
Сендім ғой көнбей шаршауға.
Жан жарыңмен сыйластыққа шек болмас,
Сүйеніш-серік қай қияға барсаң да.
Асыл ұстаз арманында шексіздік,
Алғыр шәкірт самғауында шексіздік.
Тіршілікте жас ұрпағың ардақтап,
Бірін-бірі жалғауында шексіздік.
Шексіз ой бар
Жырында біздің Абайдың,
Мұхиттай шексіз
Мұхтарға мұңлы қараймын.
Мағжан, Сәкен, Ілиясты атқандар,
Қиямет кешпес қылмысын шексіз санаймын.
Сүйемін шексіз Қыз Жібектің намысын,
Төлегенді күте-күте ары үшін.
Ғашық жүрек кексіздігі деп білем
Махаббат пен ғадауаттың жарысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу