file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  137


Автор: Кәкімбек Салықов

САҚТАЙ БІЛДІ МАҚТАЙ ҮЛКЕН ҒҰРЫПТЫ

Индиражан,
Атаң Мақтай – бауырым,
Ауылы сүйді,
Қазақ сүйді нар ұлын.
Әжең Түкеш аттанғанда бақиға,
Ол кешті ғой дүние бұлдыр сағымын.
Зор қайғысын бүкіл қазақ бөлісті,
Дос-жарандар көздің жасын төгісті.
Алматыдан Астанаға көшкенде,
Жаңа орында сен бастадың өрісті.
Астана да құлаш жайды асылға,
Қызықпады ол сонда қызыл-жасылға.
Ауыр күнде еш жалғыздық білгізбес,
Қорған болдың жан атаңның қасында.
Сақтай білді досым үлкен ғұрыпты,
Жанарыңның жарқылынан тынықты.
Күлім қағып сен жүргенде қасында,
Асау тағдыр ауыр мұңын ұмытты.
Енді бүгін сен ұшасың ұяңа,
Өзге ұрпағы жүр ғой сәтті қияда.
Атаң үшін сен әкелген қуаныш
Құшағына оңайлықпен сыя ма?!
Кетті бүгін Есіл-Көкше үнденіп,
Құттықтаймыз құшақ-құшақ гүл беріп.
Ақ бата сол –
Жан қосағың қасыңда,
Махаббаты сөнбес болсын шын серік.
Қос жүректі мәңгі жайлап ғашықтық,
Нұр әкелсін жас отауға асылдық.
Домбыраның қос ішегіндей үйлескен,
Бастарыңа бақыт қонсын ғасырлық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу