file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  219


Автор: Кәкімбек Салықов

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды...

Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды,
Одан артық таппайсың жақыныңды.
Сатылуды білмейді, түлкілікті,
Білсе-дағы жазасыз атылуды.
Ақынды сүй, сүйгендей кең даланы,
Ойла, ағайын, аңғал жан неңді алады?
Ақыны жоқ ауылдың қызығы аз,
Бір тілегі өмірде кем қалады.
Жайма-шуақ адамнан үзбе күдер,
Жақсылықты жар салып тергенін көр.
Жаман жазса ақынды ардақтамас,
Жақсы өлеңін Құдайдың бергені дер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу