Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
147

АШЫҚ СЫР
Қыздарға өлең көп арнадым жасымда,
Іңкәр болдым жер бетінде асылға.
«Жезкиікті» бар қазаққа паш етіп,
Белгі орнаттым кешегі өткен ғасырға.
Ағаларым дабыл қаққан кең төрде,
Інілерім жүрген сағым белдерде.
Күзім өтіп,
Қыс қырауы шалғанда
Қарай берем, арай төгем сендерге.
Үлкендерім –
Үркерленген легім,
Інілерім –
Өмір берген тірегім.
Сендер жайлы толғанайын мен бүгін,
Сұлулардан қолым тимей жүр едім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇