file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  147


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАСҚАНЫП ЖҮРМІН БАРУҒА...

(Мұса Асайыновқа)
Естілді хабар
Қайғыға терең салуға,
Отырмын даяр
От болып лаулап жануға.
Жалғызтауда жоқ дейді жалғыз бауырым,
Ауыл жаққа жасқанып жүрмін баруға.
Ақиық еді
Қаймықпай кірер дауылға,
Құлагер еді
Жаралған оза шабуға.
Айыртауда жоқ дейді ақын бауырым,
Ауыл жаққа бата алмай жүрмін баруға.
Үзбеуші ем үміт
Сенгендей қолда қаруға,
Барушы ем аңсап
Ән-күйден сабақ алуға.
Сексен көлде жоқ дейді жалғыз бауырым,
Ауыл жаққа сескеніп жүрмін баруға.
Жүйрік қой тағдыр
Аяқтан оқыс шалуға,
Күтпеген жерде
Жақсыны таңдап алуға.
Көкшетауда жоқ дейді кербез бауырым,
Ауыл жаққа қиналып жүрмін баруға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу