file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  152


Автор: Кәкімбек Салықов

ШӘЙКЕНОВТІҢ ЖАН ЖАРҒЫСЫН ОҚЫСАҚ

Меңіреу уақыт,
Қабағыңды аш, қалғыма,
Әкелемін жақсы адамды алдыңа.
Нағашыбай дәстүр сыйлар от берді,
Құлагердей өзі мерт боп қалды да.
Тереңдікпен өзгелерден болды ірі,
Адал перзент, шын ойшылдың ол бірі.
Мақтан етіп, есіне ұстап ел жаттар
Жан жарғысын мәңгі сөнбес мол нұры.
Гәп осында: аузы уәлі білгенге,
Ой маржанын сұрыптайтын бір демде.
«Ұлт дәстүрі заңнан биік» дегені –
Аталы сөз жіті құлақ түргенге.
Әумесерді заң жолымен құрықтау,
Мансапқорды майлы төрге жуытпау.
«Құқық – қоғам өресінің өлшемі...»
Дегендерін керек бүгін ұмытпау.
Тебіренбеді ол тарихқа кең жүгінбей,
Көкседі ұлтты жүрер жатқа бүгілмей.
«Өз тіліңде құлшылық ет Құдайға...»
Дегені де ойдың еңлік гүліндей.
Жаңалықтай ақын қосар дастанға,
Дәріс жолын тік көтерді аспанға.
«Студенттің антын» жасап бергені –
Мағжанша сенімі ғой жастарға.
Әр сөзінен адам жақұт тереді,
«Бақытыңның тірегі – отбасы» деп еді.
Махаббаттың желбірейді туындай
«Сұлу қыздың алдында батыр да бала» дегені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу