file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  147


Автор: Кәкімбек Салықов

ШАТТЫҚ СЕЛІ

Тәуелсіз күнім түзеп қаталықты,
Елбасы Абылай ханнан бата алыпты.
Кешегі «Щучинский» деген аудан
Бурабай ауданы боп аталыпты.
Бураны шортан десе таңғалушы ек,
Шыдадық, бала күннен аңғарушы ек.
Алланың берген атын бұйыртпаса,
Білдірмей іштен тынып, зар қағушы ек.
Құттықтап «Гәккулетсек» әнші дайын,
Алтын күз – ақ бидайлы күйші дайын.
Аққу-қаз сексен көлден саңқыл қақса,
Аямас бар өнерін биші қайың.
Ойымды құтты аймаққа бұра бердім,
Келбеті көлде ойнады құба белдің.
Қуандым айдан анық көрінгендей
Ор болып қалған ізі Құлагердің.
Қыздарса жан-жүректі жаңа жалын,
Дербестік жеңісі деп бағаладым.
Сүйінші сұрар бүгін Біржан салдан
Бақида Сәкен, Мағжан ағаларым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу