file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  184


Автор: Кәкімбек Салықов

ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВТЫҢ АЙТҚАНЫ

Дәл тапқандай ой мен сезім ояуын,
Құлақ шалды сөз семсері ноянын.
«Қырғыздың Манасы бар,
Қазақтың Манашы бар», –
Десе құптап, мен қолымды қоямын.
Қырғыз елі аңыз етсе Манасты,
Ол аңыздан әлдеқайда әрі асты.
Қасымызда бірге жүрген секілді
Кешегіден бүгінгіге жарасты.
Қырғыз елі ардақтаса Манасты,
Мақтан еттік біз де ұлтжанды Манашты.
Ақтаңдағын сан заманның ақтарған,
Біріктіріп тұр ғой бүкіл Алашты.
Неше ойланып,
Мың толғанып ол жайлы,
Дәлдеп айтпай көңіл көркі толмайды.
Туған күнін елі-жұрты білсе де,
Дүлдүлдердің өлген күні болмайды.
Ғалымдығы елге жайса атын көп,
Тапқыр сөзге жүрді үздік жақын боп.
Ақынжанды деп еске алса достары,
Ол өтті ғой аузы уәлі ақын боп.
Жазғанына жармасамыз неге біз,
Орташа емес, озық ойға көнеміз.
Тарлан тарих мұхитында Мұзжарған
Манаш еді-ау желкен жайған кемеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу