Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  163


Автор: Кәкімбек Салықов

КЕЗДЕСКЕНДЕ ҚЫРЫМДА

(Әбіш Кекілбаевқа)
Теңізге келдім өр жойқын,
Жүруші ем мауқым басылмай.
Бұрқырап жатыр көк толқын
Әбіштің бұйра шашындай.
Дегбірсіз ол да қарайды,
Дельфинге қолы жетердей.
Шолып тұр шалқар маңайды,
Теңізді кешіп өтердей.
Кездесу өмір заңы екен,
Риясыз ашық таныстым.
Ақылы терең нар екен,
Болардай зоры арыстың.
Талқыладық өмірді,
Тағдырын шолып қазақтың.
Сағыншақ қам көңілді
Біразырақ тазарттым.
Жазғаннан молдау жазары,
Жоспары қызық жол ашар.
Өзгелерден асары –
Еңбекқор екен орасан.
Қайратына көз салдым,
Сияқты кен қазушы.
Осы болар деп қалдым
Мұхтарға тақау жазушы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу