file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  156


Автор: Кәкімбек Салықов

АЛЫСТАП БАРАМЫН ЖАҒАДАН

Кең жалған әр күнін санаған,
Көңілде қобалжу, бар алаң.
Туған жер, көркіңнен көз жазып,
Алыстап барамын жағадан.
Жанары мың толқып қараған,
Жан анам шықпайды санадан.
Желкендей қияда шарықтап,
Алыстап барамын жағадан.
Сыйласқан келгенше шамадан,
Тату дос, қыл өтпес арадан.
Ағайын-бауырлар қол сілтеп,
Алыстап барамын жағадан.
Шалғайды барлауға жараған,
Көгілдір ту тікті бар алаң.
Жастарға жақсылық жол тілеп,
Алыстап барамын жағадан.
Немерем жанарын қадаған,
Тілегі болса екен қалаған.
Болашақ күндерге сәт тілеп,
Алыстап барамын жағадан.
Таңырқап үңілсе сан адам,
Ауылым, кетейін садағаң.
Күрсінтіп жұқарған жүздерің,
Алыстап барамын жағадан.
Асқандай көп төзім шамадан,
Жасқандым жүректе жарадан.
Артымда, туған ел, сені ойлап,
Алыстап барамын жағадан.
Қызғандай асау күй сағадан,
Толғаныс күш берді жаңадан.
Оралып келермін дегім кеп,
Алыстап барамын жағадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу