file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  138


Автор: Кәкімбек Салықов

МАХАМБЕТТІҢ ӘСЕРІ

Қазақтың қайсар ақын, ерен ері,
Толтырды Мағжан кекке кенерені.
Атойлап Тұран үшін ұран жайса,
Сол шығар Махамбеттің жебегені.
Шындықтың сыры аз емес желігі жоқ,
Өтті ғой Сегіз сері серігі боп.
Исатай, Махамбеттен алған сабақ
Қалды артта ән мен жырдың өрімі боп.
Бауыржан, жау тойтарған Рахымжандар,
Махамбет ұшқыны бар батыл жандар.
Рухы асыл дана ерте қонған,
Бәрі де асау тұлға ақын жандар.
Жалықпай көл қорыған құстың үні,
Жайықтан естілгендей қыстың күні;
Қайсарлық берді ақын Қасымға да
Махамбет жебесінің ысқырығы.
Жаз өтіп, жетсем-дағы кәрі күзге,
Құштармын атой салғыш анық ізге.
Әсері Махамбеттің ұлан-ғайыр
Елім деп тыным таппас бәрімізге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу