file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  177


Автор: Кәкімбек Салықов

ОЛ ҰҚСАДЫ АБАЙДЫҢ БІР ҰЛЫНА

Қара бастың қамын ойлап нығырлап,
Иван Грозный сияқты елді сығымдап,
Сталин де өтті қырғын орнатып,
Демократияны Бериямен тығындап.
Хрущев те бір зу етті шырылдап,
Тың өлкені алмақ болды қырындап.
Жағы түспей тақты бермес Брежнев те
Тоқыраулатты, боқыраулатты қырылдап.
Тарих-әжем болса көпке екпінші,
Әрі қамшы, әрі құймақ деп білші.
Ельцин соғып,
Горбачев те құлады...
Ең дұрысы: бәрі болды өткінші.
Қай заманның атса-дағы қай таңы,
Тарлан тарих жүрісінен қайтпады.
«Көп асқандар бір тосқанға жолығар...» –
Тура келді деп Абайдың айтқаны.
Бөленгендей даналықтың нұрына,
Манаш досым қанық болдым сырына.
«Дүние – дүрмек өткінші», – деп толғанса,
Ол ұқсады Абайдың бір ұлына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу