file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  130


Автор: Кәкімбек Салықов

БӘЙКЕН АҒА БҮГІНГІ

Әр қадамы салмақты,
Тарихқа таңба басқандай.
Бәйкен аға ардақты,
Өзгерген жоқ ешқандай.
Жақсылық – ізгі арманы,
Куәгер қос ғасырға.
Мың қыздан таңдап алғаны –
Бақыт жеңгем қасында.
Белгісі үздік тұр тағы,
Көрінер заман көшінде.
Еріксіз көзді тартады,
Жұлдызы жайнап төсінде.
Тарихқа тағзым арнайды,
Өткенді талдап бертінмен.
Мақтауға бірақ бармайды
Горбачевті, Ельцинмен.
Сыйлауы күшті өзгеден,
Алғысын аға жолдайды:
Қазаққа бақыт көздеген
Нұрсұлтанды қолдайды.
Білдірмей ниет бола ма,
Бергендей үзіп бір гүлді,
Сайлағанда Обама
Жымиып қана бір күлді.
Бергені тағдыр несібе
Ұрпаққа үлкен сыр екен.
Келсе де тоқсан екіге,
Бүгінгі Бәйкен тың екен.
Жетсе да жасы қаншаға,
Дәл өзі нағыз көкжалдың.
Тоқсан бес тұр қалтада,
Жүзге де жетер деп қалдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу