file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  141


Автор: Кәкімбек Салықов

ХАСЕН АҒА АЙТҚАН СЫР

Елім деп тынбай еңіреген,
Едіге сынды ер деген;
Паш етіп сізді, Фазеке,
Телегей-теңіз тебіренем.
Ержеттік біз де үлкейіп,
Шындықты неге бүркейік?
Сіз жайлы көп сыр жеткізді
Досыңыз Хасен Нұркеев.
Күндерде студент шағының,
Сөз етті жастық жалынын.
Қалдырды бізге естелік,
Досының айтып дарынын.
Тұлғаңды биік зорайтты,
Мінезің жайлы көп айтты.
– Ақ-қараны айырған
Ақылдың кені, – деп айтты.
– Тисе де қолға қай тұғыр,
Халықтың қамын жейтұғын.
Тілді ділмен қорғаған,
Айбынды тұлға, – дейтұғын.
Керекуді басқарған,
Нұркеев те хас тарлан.
Ескі дос сырын ақтарды,
Бүктемей нүкте жастардан.
Сағыныш селін шақтайтын,
Жеңгейге теңеу таппайтын.
Олжабай мен Жолымбет –
Қос ұлыңды мақтайтын.
«Әкетсе ажал Фазылды,
Азайтты жарқын таңымды... –
Деуші еді қатты күрсініп, –
Тағдыр да естен жаңылды».
Әр сөзі берік таспадай,
Болмысы мүлде басқадай:
Тоқсанға тақап Хасекең,
Аузынан өтті тастамай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу