file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  169


Автор: Кәкімбек Салықов

АҒАЛАР ҮШІН ПРЕЗИДЕНТКЕ АЛҒЫСЫМ

Ақиқат ажары ашылды,
Әділдік шалқыған күн жетті.
Құлшындық бір сілкіп ғасырды,
Құртуға кертартпа індетті.
Сәкен мен Ебіней, Қаныштың
Аттары аспанда жарқ етті.
Шашқандай ақ сәуле жаны ұшқын,
Нұрсұлтан жойды ескі тәлкекті.
Тізгінді қолына алғанда,
Соққылап берді зор сұмдықты.
Жеттік-ау, қазағым, арманға,
Туды ғой бізге де күн құтты!
Қос ғалым, ақиық ақынның
Қуғында болғанын айтты анық.
Тілегін ақтады халқымның,
Үш ұлын құшаққа қайтарып.
Қаныш пен Сәкеннің есімі
Елдіктің еңсесін көтерді.
Дес келіп жас басшы шешімі,
Өкініш өкісігі өтелді.
КарГУ-дей өзінің төл ісі
Ебіней атына берілді.
Жан аға өркендеп әр ісі,
Тарқатты көкіректе шерімді.
Мың алғыс айтамын, Нұреке!
Үш жұлдыз, үш дүлдүл атынан.
Әр ісің тапсын зор береке
Әлемдік жарысқа шақырған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу