Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  119


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫЗ ҚУУ

Махаббат,
сен асықпа,
сәл аялда,
барар жерің қашық па?
Үзілген гүл ғұмырындай мұрсат бер,
өліп-өшкен ғашыққа.
Сағынышымды сарғайған
ақтарайын,
қыл суырып сар майдан.
Ақырзаман өтіп кетті мен үшін,
қарсы алдымда қан майдан...
Тағдырменен ерегес —
қан майданнан кем емес,
күйіп-жанып күлге айналған көңілім,
тұтанды екен неге кеш?
Аламанға тап келіп,
атым болды ақ көбік...
анау қыздың қанжығасына байлашы сен,
махаббат,
менің мынау жүрегімді қақ бөліп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу