Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
112
БАЛҒА
Көкірегімде дүрсілдеген
Балғамды
Аллатағаладан алғам-ды,
қара төске қарсы салғам-ды,
жалпағынан жаншып жалғанды.
Талпынып жүріп арманға,
темір етіктен —
түймедей,
темір таяқтан —
тебен инедей қалғанда
сынасы ұшып,
сыр берді менің Балғам да.
Қара темірден қан шығып,
қамырдай өзі жаншылып,
қайдағыны сезінетін,
қайғыратын,
езілетін болды бұл Балғам.
Тізеліні бүгілтіп,
мойындыны иілтіп,
маған да жеттің сұм жалған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter