file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  144


Автор: Мәди Қайыңбаев

БҰЛАҚ


Шөлейт... шөлейт... шөл дегенің осы ма,
Шөліркедім... шөлім қашан басылар?!
Арып-ашып келе жатып сапардан
Аялдадым бір бұлақтың басына.
Сан соқпақтар осында кеп құйылған
Осы жерден тарайды екен қиырға.
Қанып ішіп қайнарынан бұлақтың,
Маған деген құр қалмадым сыйынан.
Қасиетті тұма бұлақ еріккен
Сай қуалап ағады екен неліктен?!
Самарқаулау ойға баттым еңкейіп
Су түбінен өз бейнемді көріп мен.
Мөлдір болу...
Мөлдір болу – арманым,
Үнсіз тұрмын.
Тамылжиды бар маңым.
...Мөлдірлігін үйренсем де бұлақтың,
Өрге ақпайтын қасиетін алмадым.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу