file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  172


Автор: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Бiз екеумiз бұлақ ек құлап аққан...

Бiз екеумiз бұлақ ек құлап аққан,
Екi айрылдық бiр қате, бiр ағаттан.
Кешiре де алмадық, қия алмадық,
Бiз айрылған сол бiр таң жылап атқан.
Сезiм – шырақ. Бiз оны жаға алмадық,
Бiр амалды таппадық оған нағып?
Бiр қатенiң уын бiз бөлiп iштiк,
У құйылған ыдысты қаға алмадық.
Сөндi осылай ошақтың бiр шырағы,
Амал қалмай тұтаттым жыр шырағын.
Бiр қоңырау iшiмде безiлдедi,
Бiр пенделiк iшiмде қырсығады.
Өз елiңе ұлтан боп қала бардың,
Ал мен қалдым. Жазмышқа шара бар ма?!
Кiнәласып қайтемiз, бәрiнен де
Айыптымыз алдында балалардың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу