Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.06.2022
119
Бастаңдар ән-өлеңді дұрыс кәні....
Бастаңдар ән-өлеңді дұрыс кәні,
Келгеміз жоқ бұл үйге ұрысқалы.
Көре алмаған дұшпандар іші күйсін,
Кеп жатыр деп Қакеңнің туыстары.
Жұрағат көп, туысы, досы барға,
Бөтен ешкім жоқ енді осы маңда.
Ойнап-күліп қалайық көңілденіп,
Анда-санда басымыз қосылғанда.
Кішілері үлкенін жағалар кеп,
Ақыл айтар, жөн сілтер ағалар деп.
Атам көзі тіріде айтып кеткен,
«Тату-тәтті болыңдар балалар» деп.
Жұрағаттың азынан көбі жақсы,
«Араласып тұр» деген сөзі жақсы.
Көңіліне кір жимай, кіржіңдемей,
Келіп тұрған туыстың өзі жақсы.
Өте шығар дүниеден күліп пенде,
Кім жуиды алыстан үріккенге.
Күліп-ойнап қалайық жадырап бір,
Анда-санда басымыз біріккенде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter