Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
151
Бір жүрсек, арманым – өзен....
Бір жүрсек, арманым – өзен,
Өзіңсіз тар жұмақ маған.
Өмірдің жалғанын сезем,
Жаныңнан сәл жырақтасам.
Көзіңнен Күн күлімдеген,
Сезімнің алауын көрем.
Гүлдердің үлбірі менен
Сиқырын табамын сенен.
Нәп-нәзік жүрегің аппақ,
Байлады араны бекем.
Сырлы әнді жүретін жаттап
Ғашықтар парағы етем.
Кетерміз бір күні, күнім,
Біз-дағы бақиға тылсым.
Ешқашан кірлемейтұғын
Сен менің ақиқатымсың.
Өкпемен табысып не етем,
Қып-қысқа ғұмырда мұнша?
Арыммен алысып өтем,
Көздерім жұмылғанынша.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter