Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  100


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Хас батырды өлтіру – қан майданнан аулақтау...

Хас батырды өлтіру – қан майданнан аулақтау,
Қорқақтарды өлтіру – батырдайын ардақтау.
Хас сұлуды өлтіру – сұлулығын көзге ілмеу,
Жастығыңды өлтіру – ойсыздық қой босбелбеу.
Өр сенімді өлтіру – күмәндану өзіңнен,
Үр сезімді өлтіру – қасиетін сезінбеу.
Шын талантты өлтіру – арқасынан көп қағу,
Ғашықтарды өлтіру – ортасына от салу.
Адамдарды өлтіру – армандарын балталау,
Ал арманды өлтіру – талпынбау ғой, қалқам-ау.
Намысыңды өлтіру – арпалыспау арыңмен,
Ақындарды өлтіру оңай боп тұр бәрінен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу