Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2022
323
СЫЙЛЫҚ
Мен ешкімге сыйлық берген емеспін,
Жанарыңда жәудірейді елес күн.
Сыйлық деген, ол – мен үшін сыйласу,
Сыйлағанның құлы болып тел өстім.
Мөлдіреген ойға толы, бай санам,
Сыйлық жайлы өлместей сөз айта алам.
Алла маған өмір берді сыйлыққа,
Қарымжысын өлең қылып қайтарам.
Мінсіз жырды тұсамадым, құйғыттым.
Ұққың келсе, кеудемдегі күйді ұққын.
Мына өмірден сыйлық күтер жандарға
Менің өзім сыйлықпын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter