Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  147


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ит туралы өлең

Арс ете түсіп алқымнан,
Қалғанша тазы бір іліп.
Алдайды түлкі антұрған,
Қалыңға қарай тығылып.
Түлкіге керек бұл алдау,
Жеткізсе болды өлгені.
Жан-жағы қазір түгел жау,
Төрт аяғы сенгені.
Тазыға – керек жеңісің,
Қожасы қайтса олжалы...
Түлкінің сілкіп терісін,
Тымақ қып кисе болғаны...
Арс ете түсіп алқымнан,
Қалғанша тісі бір іліп.
Қылт ете түсіп әр қырдан,
Қуады тазы бүгіліп.
Жанталас емес –жасанды.
Жағыну үшін... ұқ пенде.
Адамға жақсылық жасауды,
Аңсайды екен иттерде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу