Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  184


Автор: Мерғали Ыбыраев

Параллель түзулер

Бойлығында бар әлемнің,
Ендігінде бар әлемнің.
Сен маған параллельсің,
Мен саған прпллельмін;
Келсең де ере бергің,
Келсем де көре бергім,
Мен саған параллельмің,
Сен маған параллельсің!
Мәңгілік қиысу жоқ,
Мәңгілік түйісу жоқ,
Мәңгіге ..., қызыққанбыз,
Мәнісін біз ұққанбыз,
Мәңгілік сызықтармыз.
- Болмаса түйісу жоқ,
Мәңгілік сүйісу жоқ! –
Демігіп дегендерге,
Біреулер сенер демде...
Ендеше қараңдар:
Анау дала-жондарға,
Қара май сіңген теміржолдарға,
Созылған жер үстіне,
ГЭС-тердің желісіне,
Гитара қылдарына,
Телеграф сымдарына,
Шекара шептеріне,
Домбыра шектеріне,
- Жоқ, жоқ – деп желіккендер,
Алқынып деміккендер,
Сүюден зеріккендер!
Біз сондай түзулерміз.
Ешқашан түйіспейтін.
Ешқашан сүйіспейтін,
Бірінсіз бірі жоқ,
Бірінсіз күні жоқ,
... Созылған параллель боп,
Мәңгілік махаббаты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу