Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
129
Қоштасқым келмейді
Күн өтіп барады,
Жүрегім шөлдейді.
Деп еді,
Бақытты,
Ол өзі тербейді.
Барады аққулар аспанда,
Қоштасқым келмейді.
Ай өтіп барады,
Еркіңе көнбейді.
Деп еді,
Уақытты,
Ол өзі емдейді.
Барады аққулар аспанда,
Қоштасқым келмейді.
Жыл өтіп барады,
Махаббат сөнбейді.
Жүректі сағыныш,
Ән болып тербейді.
Барады аққулар аспанда,
Қоштасқым келмейді.
Тулатып бойда қаныңды,
Уызы тәтті жырдың да.
Қызғанып алма бағыңды,
Жап-жас ақынды қудың ба?
Енді кім мұны шешеді,
«Тартылыс заңы...» ашпаған.
Іздеймін қартты кешегі,
Күзеткен бақты басқа адам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter