Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  122


Автор: Асқарбек Бектемісов

Нұрын шашып келеді көктем күні

Алтыншы жыл сүрініп құлағаным,
Қиналсам да қамығып жыламадым.
Жетейін деп тезірек көктеміме,
Таппадым қолдан келер бір амалын.
Арайланып атсын деп таңдар жаңа,
Іздедім бақытымды алдан ғана.
Ұмтылдым жығылсамда алға қарай,
Жеткізер бақытыма арман ғана!
Ұмытылар бір күні мұңым-қайғым,
Онымды мәңгілік деп ұғынбаймын.
Өмірдің қиын-қыстау өткелінде,
Жан жылуын бергендерді ұмытпаймын.
Жетем деумен аңсаған арманыма,
Үміт артып келемін алдағыға.
Дертімнен айыққанда қырға шығып,
Қуанармын өткен күннің қалғанына.
Сол кезде әлемге мен жар салайын,
Бар даусыммен шырқап бір ән салайын.
Нұрын шашып келеді көктем күні,
Үйде отырмай алдынан қарсы алайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу