Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
111
Құмарлық пен іңкәрлік
Бала күннен таң нұрына құмармын,
Таң ата кейін жыр жазуды шығардым.
Жан анамнан неге сұрап қалмағам,
Осы мен сірә таңа ата туған шығармын?!
Жасымнан жырына ақын құмармын,
Тыңдағанмын отырып бұтағында шынардың.
Өлең жазып жүремін қолым қалт етсе,
Сірә осы мен ақын боп туған шығармын!
Күн кешсем де тірлігіме күйіне де,
Іңкәрмін мөп-мөлдір мына дүниеге.
Күлім қағып бір сәтке ол бетін берсе,
Сыймай кетем кең даладай үйіме де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter