Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
158
Өмір – қымбат адамға
Көргенде жандарды жайраңдаған,
Өмірдің келтелігіне қайран қалам.
Бес күндік өмірін өлшеп берген,
Жасағаным оны ұзартсын қайдан маған?!
Әңгіме көп өмір жайлы ел есінде,
Жұрт айтқасын әрине оған сенесің де.
Өмірдің тәттілігіне көзім жетті,
Шыққанымда алпыс жастың белесіне.
Адамдардың осы бір-бірінен несі кем?!
Біреуден кем, біреуден көп несібем.
Несібем толы болар еді менің Жасаған,
Қалдырмасаң мезгілсіз өмір көшінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter