Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  125


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма...

Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма,
Арманнан жетелейсің армандарға.
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен,
Жүруден жүзге келіп қалғандар да.
Қайырылып қос қанаты талғандар да,
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен.
Алла деп ақтық демін алғандар да,
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен.
Таусылып демі есінен танғандар да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу