Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  147


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ШЕКСІЗ ҒАЛАМ, ҚАЛАЙ ҰҚТЫМ СЫРЫҢДЫ

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды,
Ұқпай өтті-ау, не бір дана бұрынғы.
Раббым-ау, шексіз тылсым сырына,
Сонша неге құштар еттің құлыңды?
«Ғалам шексіз, шектеулі ақын ойыңда,
Шексіз сырын білмесең де мойында.
Деген бір үн естіледі ғарыштан,
Білмейсің деп, не барын өз бойында».
Басымды идім құдіреттің күшіне,
Тылсым сырын алмас ешкім түсіне.
Жаратушы он сегіз мың ғаламды,
Ақыл мен ой жетпес Алла ісіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу